Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда жүргінші қоқыстан қылмыстық іс бумасын тауып алды

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2014
  • 1299

Орал қаласының тұрғыны қоқыстан қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы материалдарды тауып алды. Кейін ол бұл құжаттарды жергілікті газетке тапсырыпты.

Екі оқиғаға байланысты қызметтік құжат құқық қорғау органдарына шағымданған аты-жөні белгісіз азаматтың арызына байланысты екен. Арыз иесі полицияны жергілікті қылмыс әлемінің серкелерімен жең ұшынан жалғасқаны үшін айыптаған. Құжаттарда «Затоновская» және «Босота» секілді ұйымдасқан қылмыстық топтар аталыпты. Бірақ, бұл істе қылмыстың нышаны болмағасын, полицейлерге қатысты іс қайтарылады. Ал келесі істе, полиция майорының батыс қазақстандық бір азаматтың, өзінің әйелінің шаруашылығында жұмыс жасауға мәжбүрлегені айтылады. Бұл іс те жылы жабылған көрінеді.

Қазір полиция даулы құжаттарды редакциядан алып кеткенімен, осыдан сегіз жыл бұрынғы қызметтік құжаттардың қалайша қоқыс контейнерінен шыққанын түсіндірмей отыр.

Еркін ҚАРИН