БТА-банктен аса ірі мөлшердегі ақшаны қолды қылды деп айыпталған Ерлан Қосаев Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды. Ол 2005-жылдан 2008-жылға дейін ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болып, БТА-банктен ақша ұрлаған, кейіннен оны заңдастырып алғаны үшін айыпталуда. Бірақ Қосаев ізін суытып, жасырынып жүрді. Тіпті оған мемлекетаралық іздеу жариялауға тура келген.
Сөйтіп, ресейлік құқық қорғау органдары айыпталушыны Брянск қаласында ұстады. Бірден Ерлан Қосаев Қазақстанға әкелініп, Астана қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазір іс бойынша тергеу жүргізілуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Илхам ИБРАГИМ