Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде тағы да жарылыс. Бүгін таңертең жергілікті БАҚ-ры Қытайдың Ұйғыр автономиясында бір уақытта бір неше жарылыстардың болғанын хабарлады. Әзірге екі адамның қаза тапқаны белгілі болды, ал жараланған адамдар санының тым көптігі туралы хабарлануда. Бұдан басқа ақпарат жоқ, тек террорлық әрекет болуы анық, дейді билік.
Еске саламыз, соңғы рет 22-мамыр күнгі Үрімші базарларының бірінде жарылыс болды. Сол кезле 39 адам қаза тауып, 90-ға жуығы жарақат алған болатын. Бұдан соң ҚХР-да лаңкестерге қарсы операция басталды. Әзірге полиция 20-дан астам террорлық топтың көзін жойды.
Илхам ИБРАГИМ