Русский Сайттың толық нұсқасы

Михаил Ходорковский Ресей президенті болуға дайын

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2014
  • 1049

Михаил Ходорковский Ресей президенті болуға әзір. Осыдан бір жылдай уақыт бұрын Владимир Путиннің рақымшылығымен бостандыққа шыққан кәсіпкер Ходорковский, Ресей дағдарысқа тап болса, елді басқаруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол француздың Le Monde газетіне берген сұхбатында айтты. Тіпті конституциялық реформаларды жүргізу қажет болып жатса, бұған да дайынмын, дейді. Сөйтіп билікті реформалап, президенттің басқару құзырының бір бөлігін сотқа, парламентке және халыққа бөліп беруді көздейді.

Айта өтейік, жергілікті радиолардың біріне сұхбат берген кәсіпкердің баспасөз хатшысы Ходорковскийдің нақты қай жылы саяси додаға қатысатыны белгісіз екенін айтқан. Ол «Мәселе сайлауға қатысу емес, бар мәселе елде дағдарыс орын ала қалған жағдайда билікке келу», - деп қосқан еді.

Илхам ИБРАГИМ