Русский Сайттың толық нұсқасы

Ашраф Гани Ахмадзай Ауғанстан президенті болды

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2014
  • 1304

Ауғанстанның Америка Құрама штаттарымен арадағы «қауіпсіздік жөніндегі келісімі» осы аптаның соңына дейін қабылданады. Келісім бойынша алдағы 10 жылда 10 мыңға жуық америкалық әскери кеңесшілер мен нұсқаушылар Ауғанстанда қызмет етуі тиіс. Құрама штаттар, мемлекеттік хатшысы Джон Керри аталмыш уағдаластыққа жақын қол жеткізіледі деген сенімін білдірді, деп хабарлайды «РИА Новости». Керри Ауғанстанның жаңа президенті Ашраф Ганиді құттықтап, ресми ұлықтауды асыға күтетінін жеткізді.

Еске салсақ, таяуда Ауғанстанда мемлекет басшысы сайланды. Орын тақтан бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла және қаржы министрлігін басқарған Ашраф Гани Ахмадзай үмітті еді. Екеуінің де ең басты мақсаты - елдегі қауіпсіздік саласын тұрақтандыру және «Талибан» содырларымен күресті күшейту. Осы апта ішінде жаңа ел басшысы ресми түрде ант қабылдауы тиіс. Сәйкесінше, АҚШ-пен келісім де инаугурациядан соң жасалады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА