Русский Сайттың толық нұсқасы

Бір күнде 70 мың сириялық Түркияға қашып келді

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2014
  • 1162

«Ислам мемлекеті» террористік ұйымының шабуылынан қорыққан сириялықтар Түркияны бетке алды. Бір тәуліктің ішінде 70 мыңға тарта сириялық күрдтер Түркияға енді. Тіпті енді билік елге лап қойған босқындардан сақтану үшін Сириямен шектесетін шекараларды жабуға кірісті. Түркияға бұған дейін өткен сириялықтарды қазір туыстары іздеп келуде. Бірақ шекарада тұрып қалған олар, Түркияның арнайы қызметімен қақтығысып жатыр.

Айта өтейік, қазір Түркияда бір жарым млн-ға жуық сириялық босқын жүр. Олардың 200 мыңы арнайы лагерьлерде тұрып жатыр. Бұған дейін содырлар Сирияның Кобани қаласына таяп қалғаны туралы айтқан болатын. Олардың шабуылынан сескенген күрдтер жаппай бас сауғалап жатыр.

Илхам ИБРАГИМ