Қостанай облысындағы «Қаратомар» су қоймасы жағалауында ірі-қара малдың өлекселері табылды. Бұл көріністі облыс тұрғындары таспаға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп жіберген.
Ал тиісті мекеме өкілдері жағалауда жатқан жануарлар жайында білмейтін болып шықты. Біздің тілшілерден алғаш естіген мемлекеттік кәсіпорын басшылығы шұғыл қызметкерлеріне нұсқау беріп, сиыр өлекселерінің қай аумақта жатқандығын анықтауды тапсырды. Егер «Қаратомар» су қоймасының төңірегінде болса дереу жағалауды тазартып, тиісті шараларды атқарамыз, - деп отыр.
Дәурен Әбдіхамитов, «ҚазСушар» РМК Қостанай филиалы басшысының орынбасары:
Біздің "Қаратомар"-дағы эксплуатациялық участікке тапсырма берілді. Олар іздеп көреді. Өйткені видеода белгісіз қай жерде жатқаны. Егер біздің аумақтан табылса, дереу жағалауды тазартып, сиырларды ликвидировать етеміз.
Заңғар САНАЙ