Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысы әскерден қашқан сарбазға адам өлтірді деген айып тағылды

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2014
  • 1396

Алматы облысындағы 21/77 әскері бөлімінен қашқан сарбаз Серік Дәулетбайға қару ұрлаумен бірге, адам өлтірді деген тағы бір айып тағылып отыр. Бұл туралы ІІМ-інен хабарланды.

Қазір күдікті Алматы қалалық ІІД-нде уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Естеріңізге салайық, ОҚО-нан әскерге шақыртылған жас жауынгер өткен аптада әскерден қашып кетіп, көп ұзамай қолға түсті.

Кейіннен белгілі болғандай, ол келіcім-шартпен қызмет атқаратын қаруласымен жаға жыртысып қалған. Сосын қызметтік тапаншаны алып, ізін суытқан. Ал сарбазбен кикілжіңге барған старшина сол күні кешкісін әскери ауруханада көз жұмған еді. Қазір оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Илхам ИБРАГИМ