Кеше Алматыда болған ірі жол көлік апатынан зардап шеккен автобус жолаушыларының барлығы өтемақы алатын болды. Бұл туралы «Транс АВ» ЖШС директоры Александр Выприцкий мәлімдеді.
Ол, ауруханаға түскен автобус жолаушылары сақтандырушы компаниядан өтемақы алады, қоғамдық көлік апаттардан сақтандырылған, деді.
Еске саламыз, дүйсенбі күні таңертең Алматы қаласында жолаушыларға лық толы автобус жанармай тасушы көлікпен соқтығысты. Оқыс оқиғадан автобус жүргізушісі қаза тапты. Оның отбасына 250 мың теңге көлемінде өтемақы берілген. Алматы қалалық құтқару қызметі, медициналық көмекке жүгінген зардап шегушілер саны 14 адамға жеткенін хабарлады. Олар бұл оқиғаны қорқынышпен еске алады.
Людмила Гаврилова:
Автобус жасыл жанбастан қозғалды. Жанармай бекетінен жанармай тасығыш көлік атып шығып, біз отырған автобустың қақ ортасынан келіп соғып, көлігіміз екі рет аунап түсті.
Илхам ИБРАГИМ