Русский Сайттың толық нұсқасы

Джон Керри: АҚШ Қазақстанның ДСҰ-на кіруін қолдайды

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2014
  • 1008

АҚШ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін қолдайды. Нью-Йоркте Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесуі қорытындысы бойынша АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри осылай деп мәлімдеді. Бұл ақпаратты «РИА Новости»-ге сілтеме жасай отырып, «ҚазАқпарат» таратты.

«Мемлекеттік хатшы Керри Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін қолдайтынын жеткізді», - деп мәлімдеді журналистерге мемлекеттік департаменттің өкілі. Джон Керри сондай-ақ АҚШ-тың «Қазақстанның егемендігін, аумақтық тұтастығы мен әлемдік аренада өсіп келе жатқан көшбасшылық рөлін» қолдайтынын айтты. Керри мен Ыдырысов өңірлік және жаһандық проблемаларды шешудегі стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп түйіндеді АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі. Кездесу Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы алаңында өтті.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ