Грузия экс-президенті Михаил Саакашвилидің мүлкі жаппай тәркіліне бастады. Бұрынғы президент отбасының активімен Бас прокуратура айналысуда. Жақында аумағы 2 гектарды құрайтын жер учаскесі мен Саакашвилидің әйелінің, тіпті анасы мен әжесінің Тбилисидегі пәтерлері тәркіленді.
Прокурорлардың айтуынша, мүліктерді тәркілеу «мемлекеттік қаржыны жымқыру» қылмыстық ісі бойынша жүргізілген. Сондай-ақ, бұрынғы президентті 2007 жылғы демонстрацияны тарату үшін аяусыз күш қолданды деп те айыптауда. Егер тағылған айып дәлелденсе, оған 11 жыл бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр. Алайда, бұдан сескеніп жүрген Саакашвили жоқ. Ол қазір ең жақсы деген аудандардың бірінде тұрып жатыр. Тіпті, өзінің туристік визасын АҚШ-қа ауыстырып алмақ ойы бар.
Экс-президенттің айтуынша, оған тағылған барлық айыптар дәлелсіз. Ал, прокуратурадағылар болса, мүліктерді тәркілеу сол Саакашвили мен оның командасы 2005-жылы қабылдаған заңның негізінде іске асуда, - дейді.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ