Русский Сайттың толық нұсқасы

WSJ: Қазақстанның Ұлттық қорындағы ақша 6-7 жылда таусылып қалуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 11 қаңтар 2016
  • 1978

Ұлттық қордағы ақша 6-7 жылда таусылып қалуы мүмкін. Ұлттық банктің инвестициялық корпорация басқармасының төрағасы Берік Өтемұрат АҚШ-тың Wall Street Journal-ына берген сұхбатында осылай дейді.

Қорда қазір 64 млрд АҚШ валютасы бар. 2014 жылдың тамыз айына дейін бұл сома 77 млрд болатын. Яғни осы уақыт аралығында қордағы қаржы 17%-ға қысқарды. Өтемұраттың айтуынша, Үкімет жыл сайын бюджет шығындарын жабуға 9,5 млрд көк қағаз алады. Ал соңғы 5 жылда Ұлттық қор жылына 1,96 пайыз табыс тауып келген. Мемлекеттік шығындарды жабу үшін, жыл сайын 5-6 миллиард америка валютасы көлемінде кіріс кіріп тұруы тиіс, - деп нақтылады спикер.

Айта кетейік, Алматыдағы Өтемұрат мырзамен біздің тілшілеріміз байланысқа шығуға тырысқан еді. Алайда, ол шетелдік басылымға берген сұхбаты жөнінде қандай да бір түсінік беруден бас тартты.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ