Ходорковский президенттік таққа отыра алмайды

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2014
  • 1364

«Михаил Ходорковский Ресей президенттігіне үміттенбесе де болады». ЮКОС компаниясының экс-басшысы, Владимир Путиннің рақымшылық жасауымен түрмеден шыққан ол, француздық «Ле Монде» газетіне берген сұхбатында тақтан дәмелі екенін мәлімдеген еді.

Іле-шала Ұлттық стратегия институтының президенті Михаил Ремизов, Ресей заңы бойынша Ходорковский тіпті, президенттікке үміткер де бола алмайды, - деді.

Сарапшылардың пікірінше, бұрынғы бас кәсіпкер Ресейде танымалдылық пен қолдауға ие емес. Оның үстіне, жазасын өтегенмен әлі сотталғандығын жою үшін оған 10 жылдай уақыт керек. Осы уақыт өтпейінше, ол адам сотталған болып есептеледі, яғни ешқандай сайлауға түсе алмайды. Күні кеше Михаил Ходорковский, егер елді дағдарыстан шығару қажет болса, Ресей Федерациясының президенті болу мүмкіндіктерін қарастырып көретінін айтқан. Ал оның бұл пікірін нақтылаған баспасөз хатшысы «бастысы сайлауға қатысу емес, елде қиын жағдай болған кезде билікке келу» деп қосқан еді.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ