Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тың Сирияға қарсы шабуылы күшейді

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2014
  • 1102

Бүгін түнде АҚШ әскери әуе күштері Сирия аумағындағы «Ислам мемлекеті» радикалды тобының позицияларына тағы да бірнеше рет соққы берді. Бұл жолы да операцияға жойғыш және бомбалаушы ұшақтар мен зымырандар қолданылуда.

Бомбалау салдарынан қару-жарақ тиелген бір көлік жарылған. Тағы бір зымыран Дейр-эз-Зор қаласындағы исламшылардың нысандарын талқандаған деген ақпарат бар.

Айта өтейік, АҚШ кеше таңертең Сириядағы "Ислам мемлекеті" ұйымына қарсы әуе шабуылын бастады. Әуеден жасалған соққының нәтижесінде 30-ға жуық лаңкестің көзі жойылды деген ақпарат бар. Зымырандар мен ұшақтар, әсіресе Сириядағы командалық және бақылау орталықтары, жаттығу лагерьлері мен қару-жарақ қоймаларына бағытталуда. Бұл операцияға АҚШ өз одақтастарын тартқаны туралы хабарлауда. Бірақ нақты қай мемлекеттің қатысқаны белгісіз.

Ал, Associated Press агенттігі Пентагондағы дереккөзге сілтеме жасап, операцияға араб елдері де қатысқанын хабарлады. Ақпарат агенттіктері, Құрама Штатттардың ислам мемлекетіне қарсы күресте Мәскеумен уағдаластыққа баруы мүмкін екенін айтуда. Өйткені батыс мемлекеттерінің қолдауы жеткіліксіз болса керек.

Илхам ИБРАГИМ