Русский Сайттың толық нұсқасы

Өзбекстанда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің арасында ел президенті қызының аты аталуда

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2014
  • 1467

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың үлкен қызына заңға қайшы әрекеттер жасауға қатысы бар деген айып тағылып отыр. Мемлекет басшысының қызы Гүлнара Кәрімованың қатысы бар болып шыққан ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі сотқа жолданды. Бұл туралы Өзбекстан Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлноза Рахимова мәлімдеді.

Бұл қылмыстық топтың 2011-2013-жылдар аралығында шаруашылық қызмет саласында жүйелі түрде қылмыс жасап келгені анықталып отыр. Топ мүшелеріне бопсалау, қорқытып ақша талап ету және жалған құжат жасау фактілері бойынша айып тағылған.

Еске саламыз, жуырда ғана ақпарат көздерінде сән бизнесінің бұрынғы ханшайымы Кәрімованың үй қамақта отырған суретті жарияланған еді. Қазір оның елдегі барлық бизнес орталықтары жұмысын тоқтатқан.

Ал Гүлнара Кәрімованың қорғаушысы болса, президент қызының саяси астары бар жемқорлық дауы бойынша «қуғынға ұшырып» жатқанын айтады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ