Алматы облысында апатқа ұшыраған әскери СУ-27 ұшағының қайда құлағаны әлі белгісіз. Іздестіру әлі де жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 
 
Экипаж мүшелері - подполковник Науанов пен подполковник Горбунов та әзірге табылмады. Талдықорған гарнизоны әскери прокуратурасының хабарлауынша, ұшақты Науанов басқарған. 
 
Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Су-27 әскери ұшағы 2009-жылы Белоруссияда күрделі жөндеуден өткен. Әскери ұшақ кеше кешкі 20:42-де оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады. Оның ішіндегі экипаж мүшелерінің жағдайы әзірге белгісіз. Ұшқыштарды іздестіру шараларына төрт тікұшақ пен он іздеу тобы жұмылдырылды. 
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ