Мәжіліс бүгінгі отырысында «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын қорытынды әзірлеуге алды.
«Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттері 29-мамырда Еуразиялық экономикалық одақ құру келісіміне қол қойды. Мақсат - мемлекеттер арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамыту. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға осы жылдың 10-желтоқсанына дейін қорытынды әзірлеуге дайын», - деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Базаркүл ОТЫНШИЕВА