Мемлекеттік Дума Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімді 26-қыркүйекте ратификациялауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2014

Ал Ресей Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімді 26-қыркүйекте ратификациялауы мүмкін. Мемлекеттік Дума осы күні аталған одақ туралы келісім-шартты ратификациялауға ұсыныс бермек. Бұл туралы ТМД істері, Еуразиялық ықпалдастық және отандастармен байланыс жөніндегі комитет басшысы Леонид Слуцкий мәлімдеді, - деп жазады «Интерфакс Қазақстан».

Слуцкий бүгін журналистерге берген сұхбатында «Комитет ратификациялау мерзімін 26-қыркүйек деп белгілемек», - дегенді айтты. Сондай-ақ, ол «25-қыркүйекте бұл келісім-шарт комитет отырысында қаралады» деп қосты. Талқылауға Еуразиялық экономикалық комиссия басшысы Виктор Христенко қатысады.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА