Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішевке қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2014

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевке қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Парламент Мәжілісіне келген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. Экс-шенеунік қазір тергеу изоляторына тоғытылған.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

Кеше Әбдішев мырзаға қатысты қызмет бабын асыра пайдаланды деген баппен 2 қылмыстық іс қозғалды. Ол кеше қылмыстық іс қозғау туралы қаулымен танысты. Және 132-ші бапқа сай күдікті ретінде тұтқындалды. 78 сағат ішінде біз оған айып тағуымыз керек, одан соң айыпкерге қолданылатын шара белгілі болады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ