Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада Қазақ-Латыш бизнес-форумы өтті

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2014
  • 1802

Қазақстандықтар Ригадан баспана сатып алу бойынша Ресей мен Украинадан кейінгі орында тұр. Өйткені, Латвияда жылжымайтын мүлік сатып алғандарға тұрақты мекен етуге рұқсат беретін бағдарлама бар. Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан-Латвия бизнес-форумында мәлім болды.

Латыштар 800 жылдық тарихы бар Риганы Еуропаның солтүстік астанасы деп таныстырды. Қазақстандықтарды Ригаға жиі қонақ болуға шақырды. Ригадан жылжымайтын мүлік сатып алуға құштар жерлестеріміз Еуропаны тұрақты мекен етуге қызықса керек. Осы бағдарламаның арқасында Рига қазынасына 1 миллиард еуро қаржы құйылған.

Астананы аралап шыққан делегация Ригада киім-кешек, әлемдік брендтердің бағасы 30 пайызға арзан екенін айтып, қазақстандықтарды шоппингке шақырды. Әйтсе де, батыстың Ресейге қарсы санкцияларынан Латвия экономикасы едәуір соққы алуы мүмкін. Рига мэрі биылдың өзінде 60 миллион еуродан қағылатынын айтып өтті.

Нил Ушаков, Рига қаласының мэрі:

Санкцияға сүт, ет өндірушілер ілікті. Ол - Ресейге экспортталатын өнімнің 60-70 пайызы. Ал балық консервісі, кондитерлік өнімдер мен сусынға әзірге тыйым салынған жоқ. Жыл соңына дейін тікелей шығынды 60 миллион еуро деп есептеп отырмыз.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ