«Қазақстан қор биржасы» өзінің валюта алаңында Қытай юані Қазақстан теңгесі валюталық жұбымен, сауда-саттықты іске қосты. Бұл жөнінде Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Сауда таңертеңгі сессия кезінде Қытай юанімен, ал, сауда-саттық жүргізілген күні теңгемен есептеліп жүргізіледі. Бұл жұмысты іске қосу Қазақстанның Ұлттық банкі мен Қытай Ұлттық банкінің арасында жүргізілген бірқатар келіссөздер нәтижесінде жүзеге асып отыр.
Нақтырақ айтсақ, сауда-саттық 2014-жылдың 24-25-қыркүйегінде Алматыда өткен, Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай кіші комитетінің IX отырысы аясында ашылды. Қазіргі уақытта KASE-де АҚШ доллары, еуро, ресей рублі және қытай юані бойынша сауда-саттық жүргізілуде.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ