Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай орталық банкінің басшысы ауыстырылмақ

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2014
  • 1282

Қытай орталық банкінің басшысы ауыспақ. Бұл туралы өз дереккөздеріне сілтеме жасап, «The Wall Street Journal» басылымы жариялады.

Ресми тағайындау әлі болған жоқ. Алайда болжам бойынша Қытай Ұлттық банкінің төрағасы болып Шандун қаласының губернаторы Го Шуцин тағайындалуы мүмкін. Бұдан бұрын ол Қытайлық құнды қағаздарды бақылау комитетін және құрылыс банкін басқарған.

Қытай Орталық банкі таратқан ресми ақпарат бойынша, қазіргі басшы Чжоу Сяочуаннің орнынан босатылуы, оның 65 жасқа толуымен байланыстырылып отыр. Алайда, кейбір деректерге сәйкес, бұның тағы бір себебі - Қытай компартиясының ішіндегі кикілжің болуы ықтимал. Сарапшылар Чжоу Сяочуаннің кетуі - ел экономикасындағы ауқымды өзгерістердің белгісі деп отыр. Қытай бас банкирінің есімі кеңінен танымал. Ол елдің қаржы саласындағы беделді тұлғаларының бірі. G20 және халықаралық валюталық қор самиттеріне Қытай халық республикасы атынан дәл осы адам қатысатын.

Ал «The Wall Street Journal» дереккөздерінің пікірінше, Чжоу Сяочуаннің төрағалықтан кетуі, уақыттың еншісінде. Тағайындаудағы өзгерістер қазіргі әлемдік және Қытай экономикасының бәсеңдеуі кезінде Қытайдың экономикалық саясатының дамуына кедергі келтіруі ықтимал.

Жұрағат БАМАН