Сирия оппозициясы АҚШ-тан қырық миллион доллар қосымша көмек алады. Бұл туралы Құрама Штаттар мемлекеттік хатшысы Джон Керри Біріккен Ұлттар Ұйымы штаб пәтерінде өткен министрлер кездесуінде мәлімдеді, деп жазды «Итар-Тасс».
Агенттіктің хабарлауынша, бұл қаржының 15 миллионы әскери топтарды қарумен жабдықтауға жұмсалады. Аталмыш жиынға Сирия оппозициясының өкілдері де қатысқан. Джон Керри АҚШ Конгрессінің Сенаты Сирия оппозициясы сарбаздарын қаруландырып, әскери оқу-жаттығу амалдарын үйрететін қарар қабылдағанын айтып өтті.
Мемлекеттік хатшының айтуынша, Америка Сирияның оппозициялық күштерін қаржыландыруды тоқтатпайды.
Айгүл ӘДЕПБАЙ