«Жекешелендіру жариялы түрде жүруі тиіс». Республикалық «Айқын» газетіне берген сұхбатында экономика ғылымдарының докторы, профессор Тоқтар Есіркепов осылай деп мәлімдеді.
Ғалым жекешелендіру науқанына қоғамдық ұйымдардың қатыстырылмағанына алаңдаулы. «Өркениетті елдерде осындай тәжібире бар. Біз сатылымға түскен нысандардың кімге кетіп жатқанын біліп жатқан жоқпыз. Бұл - қателік емес, бұл - біреулердің мүддесі», - дейді Тоқтар Есіркепов.
Басылымға сұхбат берген тағы бір сарапшы, экономист Олжас Құдайбергенов «Жекешелендірудің жаңа толқыны мемлекеттік меншікті азайту мүддесінен туындаған», - дейді. Айтуынша, мемлекеттік компаниялардың қатары жыл өткен сайын артып келеді. Мысалы, 10 жыл бұрын 8 мың болса, қазір 10 мың. «Айқын»-дағы мақалаға сүйенсек, жекешелендірудің жаңа науқаны басталғалы 47 нысан 1 млрд 397,4 млн теңгеге сатылған.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА