Русский Сайттың толық нұсқасы

Астаналық жамағат қажылыққа аттанды

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2014
  • 1944

Бүгін Әзірет Сұлтан мешітінде бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қажылық сапарға ниет еткен жамағаттың соңғы легіне сәт сапар тілеп, қажылық парызының маңызы мен мән-жайында уағыз айтты.

Қазақстаннан Меккеге баратын мұсылмандардың саны биыл 5000-дай адамды құрайды. Ержан қажы Малғажыұлының айтуынша, қасиетті сапарға аттануға құлшыныс танытқандар қатарының көптігі азаматтарымыздың әл-ауқатының жоғары, иманының берік екенінің дәлелі. Қажылық сапарға сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан қосымша 30 адам аттанады. Яғни, уағыз насихат айтып, жол сілтеуші 25 имам мен 4 дәрігер жолға шықпақ. Бас мүфти ұлы сапарға ниеттенген жандардың қажылығы қабыл болып, аман-есен елге оралуына тілек білдірді.

Ержан Қажы, Малғажыұлы ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:

Ел үшін дұға қылыңыздар. Елдің амандығы үшін дұға қылыңыздар. Ақ жаулықты апалар, сіздердің дұғаларыңыз қабыл. Ата-бабаларымыз: «Ораза, намаз тоқтықта», - деп бекер айтқан жоқ. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болса ғана төрт құбыламыз түгел, ғибадатымыз толық болады, ағайын.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ