Русский Сайттың толық нұсқасы

Апатқа ұшыраған Су-27 ұшқыштарының отбасыларына өтемақы төленеді

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2014
  • 1509

Су-27 әскери ұшағын басқарған экипаж мүшелерінің отбасыларына өтемақы төленеді. Жазым болғандардың туыстары марқұмдардың бес жылдық жалақысы мөлшеріндегі біржолғы өтемақы алады. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі осылай деп, ақпарат таратты.

Мұнан бөлек, ведомствоның дерегі бойынша, Су-27 ұшағы құлаған аумақтан екі борттық тіркеуіш табылған. Оның біреуі - ұшу параметрлерін, яғни ұшақтың техникалық жай-күйін жазса, екіншісі - борттағылардың сөйлеген сөздерін жазған. «Қосымша ақпарат арнайы комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жарияланатын болады», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 23-қыркүйек күні, кешкісін Алматы облысы аумағында оқу-жаттығу шаралары кезінде Су-27 әскери ұшағымен байланыс үзілді. Ізінше оның апатқа ұшырағаны белгілі болды. Осы оқиғадан соң елімізде Су-27 әскери ұшақтарын қолдануға уақытша тыйым салынды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА