Үлескерлер ақшасы енді құрылыс компаниясы нөлден шыққанда, яғни тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғанда тартылатын болады. Және бұл жағдай пәтер шаршы метрінің арзандауына әкелуі мүмкін. Бұл туралы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заң жобасын таныстырған Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
Жаңа жобаны таныстырған шенеунік құжаттың үлескерлердің құқығын қорғауға бағытталғанын баса айтты. Алайда, депутаттар бұған күмәнмен қарайды. Өйткені, үлескерлерлердің ақшасымен жұмыс істейтіндер түгелімен жеке меншік. Ал сақтандыру механизмдері қаралмаған. Сондықтан, халық қалаулылары заң жобасын шикі деп сынады. Алайда, вице-министр мұнымен келіспеді.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:
Келіспеймін. Өйткені, мына алып келіп отырған заң, ол толықтай үлескерлердің құқығын қорғайды. Депутаттар айтып еді, сақтандыру кепілдік деген. Неге қоспайсыз, деп. Айтып отырмыз ғой, бірінші механизм, екінші механизм, деп. Ол - үшінші механизм. Ол үшінші механизмді біз қазір істеп жатырмыз. Көктемде алып келеміз. Бірақ, ол үшінші механизм мына екі механизмге қайшы келмейді.
Заңда қарастырылғандай, үлескерлердің қаржысы құрылысқа бірден тартылмайды. Құрылыс компаниясы керекті қаржыны 14-15 пайыздық үстемемен банктен алады. Ал үлескерлердің ақшасына тек құрылыс аяқталған соң ғана қол жеткізеді. Алайда, бұл механизм құрылысшыларға тиімсіз, дейді вице-министр. Ал, депутаттар үлескерлердің қаржысы заңға қайшы болса да, инвесторлық деген желеумен қазір де құрылысқа тартылып жатқанын айтты. Яғни, құрылыс компаниялары заңды айналып өтуде, дейді.
Алмас Тұртаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі:
Құрылыс компаниялары құрылыс салу барысында инвестор тартады, пайщиктарды ал олардың да үлескер емес екенініне, дольщик емес екеніне кім кепіл? Олардың көпшілігі, бізде бар ақпарат бойынша - үлескер. Заң аясында инвесторлар мен пайщиктер құқықтарын қорғау механизмі қаралған ба.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:
Застройщиктар ол, үлескер емес. Ол инвесторлар деп шартқа отырып алады да, сосын барып біз тексеруге келгенде, айтады - жоқ, ол біз сияқты инвестор деп. Былтыр бүкіл осындай өзгерістерге тыйым салынды. Орысша айтқанда, любое привлечение денег дольщиков воспринимается как дольщик и должно регулироваться долевым строительством.
Айгүл ӘДЕПБАЙ