Жақын күндері Қазақстандағы май құю стансаларында Әзірбайжанның өнімі сатыла бастайды. Жанар-жағармайдың алғашқы 5 мың тонналық партиясы келесі аптада жеткізілетін болды. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.
Премьер-министрдің сайтында жарияланған ақпарда, Қарабалин Әзірбайжанмен арада келісім жасалғанын, болашақта қосымша тасымалдау туралы да келіссөз жүргізілетінін хабарлаған. Ресей бензинін жеткізу мәселесінің де жақын арада шешілетінін жеткізді. Вице-министрдің айтуынша, Ресейден 69 мың тоннаға жуық бензин жеткізу туралы келісім бар.
Сәкен ӘБДИЕВ