Ресей Қазақстанға бет алған Украинаның жүк көліктері үшін талон жүйесін енгізбек. Бұл туралы федералды нормативтік-құқықтық актілер порталына сілтеме жасап, ресейлік ақпарат құралдары хабарлайды.
Жүргізушілер талонды стационарлық немесе жылжымалы бақылау бекеттерінде алатын болады. Аталған талон РосТрансНадзордан беріледі. Әзірге биліктің нұсқауымен украиндық жүргізушілердің Ресей аумағы арқылы, сондай-ақ Ресей шекарасы арқылы қатынауына шектеу қойылды.
Еске салайық, Ресей тарапы Украинамен ТМД шеңберінде еркін тауар айналым келісімін жойған. Бұл ТМД-ға мүше мемлекеттер нарығын Еуропаның баж салығы жоқ тауарларынан қорғау мақсатында қолға алынды. Әзірге талондарды енгізуге қатысты нақты шешім шыққан жоқ. Десе де, Ресей билігі тиісті заң жобасын қарастырып жатыр.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА