«Жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қоғамның барлық мүшелерін жұмылдыру қажет». Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде жастар ұйымдарының лидерлерімен болған кездесуде «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов осылай деді.
Еркін форматта өткен жиында бас партияның 2015-2025-жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасы талқыланды. Жастар «жемқорлыққа жол бермеу» иммунитетін қалыптастыруымыз керек, деді. Ұстаз да, студент те пара беруді қалыпты жағдай деп қараған жерде жемқорлықпен күресу мүмкін емес. Мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына келген студент - жемқорлық әрекеттеріне дайын болып, оған қарсы тұра алу керек, - деді белсенділер.
Ал, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов елдің дамуына кедергі келтіруші факторлардың бірі - жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қоғамның барлық мүшелерін жұмылдыру қажет екенін айтты.
Фархад Қуанғанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:
Жастардың санасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырғымыз келсе, оларды жемқорлықтың алдын алу, оны анықтау, әшкерелеу шараларына қатыстыруымыз керек. Жастардың түрлі мәселелерді шешу жолындағы көзқарастары сан алуан. Сондықтан, олардың жемқорлық проблемасына қатысты жаңашыл идеялары мен ұсыныстарын тыңдай білу керек. Және маңызды деген ойлары іске асатын болады.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ