Америка Құрама Штаттарының Сириядағы исламшылдарға қарсы операциясы үш жылға созылуы мүмкін. Бұл туралы Сирия сыртқы істер министрі Валид Муаллем ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесу қортындысында мәлімдеді. Осыдан бір күн бұрын бұл туралы АҚШ генералы Мартин Демпси де айтқан. Оның сөзінше, «Ислам мемлекетіне» қарсы операция кеңейту қажеттілігі туындауы ықтимал. Себебі, террористердің көзін жою үшін, қазіргі әскери шаралар жеткіліксіз болып отыр. АҚШ-тықтар мәселені шешу үшін, Сирия мен Иракта құрлықтық операциялар жүргізбек. Алайда бұған Ақ үйдің «саяси шешімі» рұқсаты керек.
Ал Валид Муаллем АҚШ-тың негізгі мақсатына күмән келтіріп отыр. «Америкалықтардың әскери операциялары «Ислам мемлекетіне» қарсы болса ол жақсы. Алайда Вашингтонның негзгі көздегені сол екендігіне күмәнім бар», - деді Сирия сыртқы істер министрі.
Жұрағат БАМАН