Бүгіннен бастап Ауғанстанның жаңа президенті Ашраф Гани Ахмадзай қызметіне кіріседі. Осыған орай Ауғанстанда 29-қыркүйек ресми демалыс күні болып жарияланды. Елде қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауға алынып отыр.
Еске салайық, қаржы министрі лауазымында болған Ашраф Гани Ахмадзай президент орынтағына ұзақ тартыстан кейін қол жеткізді. Ал оның қарсыласы, бұрынғы Cыртқы істер министрі Абдулла Абдулла премьер-министр болып тағайындалды.
Айта өтейік, жаңа басшы Америка әскерін 2014-жылдан кейін де Ауғанстан аумағында қалдыру туралы шешім шығарады деп күтілуде.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА