Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда патрульдік полиция қызметкерлерімен 90 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталып, 370 қылмыстың беті ашылды

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2014
  • 1421

Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері патрульдік полиция қызметкерлерімен 90 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталып, 370 қылмыстың беті ашылды. Бұл туралы Ішкі істер департаменті күштерінің жалпы гарнизондық сап түзеуінде айтылды.

Алғаш рет салтанатты түрде өткен шараға 400-ге жуық тәртіп сақшысы қатысты. Жиын барысында мекеме басшысы Берік Біләлов полицейлерді ұсақ құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударуға үндеді.

Айтуынша, кішігірім сөлекет әрекеті үшін жауапқа тартылған азамат үлкен қылмыс жасауға бел бумайды. Шара соңында патрульдік полиция көліктерінің шеруі ұйымдастырылды.

Айта кету керек, биыл ел қазынасынан ішкі істер департаментінің материалдық жабдықталуына 170 млн теңгеге тарта қаражат бөлінді.

Серік Ыдырысов, СҚО ІІД басшысының орынбасары:

Қоғамдық орындар мен көшелерде құқықтық тәртіпті тиісті қамтамасыз етуде патрульдік полицияның негізгі кешендерімен бірге қосымша 66/37 әскери бөлімінің қызметкерлері және күзет құрылымдары мен жұртшылық өкілдері түседі. Осындай гарнизондық развод күнделікті өткізіліп, департамент бастығының орынбасарлары осындай гарнизондық разводта қатысады.

Абзал ҚҰРМАНКИН