Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда футбол жанкүйерлері қатысуымен болған жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде 40 адам қамалды

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2014
  • 1387

Алматы орталығында жаппай төбелестің жолы кесілді. Оқиға кеше «Қайрат» және «Ақтөбе» командаларының арасында өткен матч қарсаңында болған.

Футбол матчын тамашалауға келген жанкүйерлер арасында туған түсініспеушілік соңы жаппай төбелеске ұласты. Мұхтар Әуезов атындағы драма театр алдында жаға жыртысқандарды полиция арашалады. Екі топқа бөлініп, төбелеске шыққан жастардың ішінен 40-қа жуығы тұтқындалып, полиция бөлімдеріне жеткізілді. Қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі сұраққа алынған күдіктілердің белсенділеріне әкімшілік айыппұл салынғанын хабарлады.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

Әрі қарай төбелесті болдырмау үшін полиция қызметкерлері төбелеске қатысушыларды Алмалы аудандық ІІБ жеткізді. Олардың белсенділеріне ӘК 330-бабы бойынша айыппұлдар салынды. Қалғандармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ