Құрбан айт мерекесіне орай қазақстандықтар тек бір күн демалатын болды. Құрбан айттың алғашқы күні - 4 қазан, сенбіге тура келеді. Алайда демалыс күні келесі жұмыс күніне көшірілмейтін болды. Бұл жөнінде Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, егер ұлттық және мемлекеттік мерекелер сенбі немесе жексенбіге сәйкес келсе, келесі жұмыс күніне ауыстырылады. «Ал қолданыстағы «Мерекелер туралы» заңға сәйкес Құрбан айт пен Рождество бұл қатарға жатпайды, аталған күндер діни мереке болып саналады», - деп түсіндірілген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Биыл күллі мұсылман қауым қасиетті Құрбан айтты 4-ші, 5-ші және 6-қазан күндері атап өтеді.
Базаркүл ОТЫНШИЕВА