Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың ойынша, әлемге «Ислам мемлекеті» террористік тобынан бұрын қауіпті Иран төндіріп тұр. Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында сөз сөйлеген ол, Тегеранның ядролық мүмкіндігін жоюға шақырды.
Сондай-ақ, Тегеранның «бәсеңдеген үні» мен диалогқа дайындалу демонстрациясы тек халықаралық санкциялардан құтылудың жолы деген пікірін білдірді. Израиль үкіметі басшысының сөзінше, мұның барлығы Иран ядролық қару шығарған соң тыйылады.
Сондай-ақ, ол ХАМАС пен «Ислам мемлекеті» арасында қандай да бір принциптік айырмашылық көрмейтінін айтты. Биньямин Нетаньяху екі ұйымды «Бір улы ағаштың тармақтары» деп бағалады.
Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:
«Ислам мемлекеті» күйреуі керек. Оған күмәнданбай-ақ қоюға болады. Бірақ, «Ислам мемлекетін» құлатып, ал, Иранды ядролық күшімен қалдыру - күрестегі жеңісті және соғыстағы жеңілісті білдірер еді.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ