Испания Каталонияға тәуелсіздік беруден бас тартып отыр. Елдің министрлер кеңесі Конституциялық сотқа шағымданбақ. Олар Каталонияның тәуелсіздігі жөнінідегі референдумды заңсыз деп тануға өтініш берді.
Премьер-министр Мариано Рахойдың айтуынша, Испания конституциясына сай егеменді мемлекеттің біртұтастығына белгілі бір аймақ халқы нұқсан келтіре алмайды.
Еске салайық, тәуелсіздік туралы референдумды Каталония 9-қарашада өткізуді жоспарлап отыр.
Айта өтейік, Испания экономикасының бестен бірі осы аймақтың үлесіне тиеді. Өңір халқы Испаниядан автономия алу үшін бірнеше жылдан бері күрес жүргізіп келеді.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА