Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, сайлауға қатысуға 39 үміткер тіркелген. Сайлау барысын 166 байқаушы қадағалайды. Олар - шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері.
Жалпы, ҚР Сенатында 47 депутат бар. Олардың 32-сі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен сайланады. Еліміздің әрбір 14 өңірі мен республикалық маңызы бар ірі екі қаласынан Сенатқа 2 депутаттан ғана сайланады. Қалған 15 сенаторды Президент тағайындайды.
Самат ҚАНАҒАТОВ