Алтын тиеген рейс. Қазақстандық шекарашылар салмағы 60 келідей болатын әшекей бұйымдарын шекарадан өткізбек болған азаматтың жолын кесті.
«Алматы» бақылау бекетінің бақылаушылары, Стамбұл-Алматы бағытымен келіп қонған рейстің жолаушысы, 26 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Ол 60 келі болатын алтынды контрабандылық жолмен алып өтпек болған, - деп шекара қызметінің баспасөз орталығы хабарлайды.
Оксана Парпура, ҚР ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметінің бастығы:
Алматы аэропортында шекарашылар 60 кг жуық алтын заттарын ұстады. Оны Алматы-Стамбул машрутымен келген Қазақстан Республикасының азаматы контрабандалық жолмен елімізге өткізуге тырысты. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары басталды.
Айгүл ӘДЕПБАЙ