Қазақстандағы бензин құны ертелі-кеш көршілес Ресеймен теңеседі. Еліміздің Энергетика министрлігінің мұнайға жауапты шенділері әңгіменің ашығын айта бастады. «Бір экономикалық одаққа бірігу мүше елдердің баға саясатында да бір ізділікке түсуді талап етеді», - дейді Ұзақбай Қарабалин. Мұнайлы елде не себепті бензин дағдарысы туындады? Көршінің берген отыны жұбаныш бола ма?
Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары:
Сентябрь айында Ресейден зауыттардан ешқандай бізге бензин мен дизель отын берлімеп еді, қазір осы соңғы бір-екі күнде бері қарай жүру басталды.
Сайлау Батыршаұлы, экономика ғылымдарының докторы:
Өңдіріп, зауыт салып, басы қатпайды, олар жерден сорып, шетелге сатып, содан байып отыр.
Елімізде 4-ші мұнай өңдеу зауытының салынуына не, немесе кім кедергі? Бензин дағдарысы қашан және қалай шешілмек? Осы сенбіде «20:30. Біздің уақыт» бағдарламасының сараптамасында.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ