Ресейдің Грозный қаласында жойқын жарылыс болды. Оқиға халық Қала күнін тойлап жатқанда болған. Мерекелік концертке келген күдікті ер азаматты тексеру кезінде, ол өзін-өзі жарып жіберді. Салдарынан 4 полиция қызметкері қаза тапты. Жараланғандар да бар.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров мұны лаңкестік деп атап өтіп, оқиғаға қатысы бар адамдардың көзін жоямыз деп уәде етті. Полиция өз-өзін жарып жіберген жанкештінің жеке басын анықтады. Ол екі ай бұрын үйінен кетіп, осы күнге дейін хабарсыз жүрген жергілікті тұрғын болып шықты.
Ләйла ҚАЗИЯҚПАРОВА