Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шеврон» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Джон Уотсонды қабылдады. Кездесу барысында Қазақстанның «Шеврон» компаниясымен отын-энергетика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері сөз болды.
Джон Уотсон компанияның қазіргі қызметі мен еліміздегі мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Мұнан соң Президент «Шеврон» компаниясы Директорлар кеңесінің барлық мүшелерін қабылдады. Басқосуда мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ компанияның мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруға қатысуы туралы сөз қозғалды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шеврон» компаниясы Директорлар кеңесінің мүшелерін қабылдады. Кездесу барысында Қазақстанның «Шеврон» компаниясымен отын-энергетика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. «Шеврон» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Джон Уотсон мемлекет басшысына компанияның қазіргі қызметі мен еліміздегі мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА