Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украинаның экс-президенті Леонид Кучманы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында тараптар Украинадағы ахуалға қатысты пікір алмасты.
Мемлекет басшысы екі ел арасында ежелден қалыптасқан достық қарым-қатынастың тиімді серіктестік негізде дамығанын айрықша атап өтті.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Украинаға гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты. Өз кезегінде Леонид Кучма қос елдің түрлі салалардағы қарым-қатынасын бұдан әрі де дамыта түсудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстан мен Украина арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа деңгейге шығатынына сенім білдірді.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА