Ұлыбритания Сирия оппозициясымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істемек

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2016

Ұлыбритания Сирия оппозициясымен тығыз қарым-қатынаста жұмысын жалғастыра бермек. Бұл туралы елдің премьер-министрі Дэвид Кэмерон мәлімдеді. Саясаткер Ислам мемлекеттерімен арадағы текетіресті осылай шешуге болады деген пікірде.

Кэмерон сондай-ақ топтардың арасында нағыз радикалдардың, яғни ланкестердің де кездесетінін ашық айтуға көшті. Бұған дейін АҚШ пен Еуроодақ Сирия оппозициясы президент Башар Асадтың құрбаны болды дегенді қайталаумен келген. Сондай-ақ, ресми Вашингтон оларды тікелей қаржыландырып отырды. Әзірге Батыс ДАИШ лаңкестерін ойсыратуға осы қадамдар әсер етті деген ұстанымда.