14 жылдық жұмысын абыроймен атқарған Еуразия экономикалық қауымдастығы тарих қойнауына кетеді. Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан мен Тәжікстанның басын қосқан ұйымның қызметін тоқтату жайлы тиісті құжатқа 5 ел басшылары Минскіде қол қойды. Алайда қауымдастық хатшылығы 2015 жылдың басына дейін жұмыс істей тұрады.
Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразия Экономикалық одағы жұмысын бастайды.