Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Миланға жұмыс сапары аясында Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Екі ел басшысы сауда-экономика, инвестиция және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, тараптар өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде де өзара пікір алмасты.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Миланға «Азия-Еуропа» форумының саммитіне қатысу үшін барды. Саммиттің басты тақырыбы - «Орнықты даму жане қауіпсіздікті нығайту жолындағы жауапты серіктестік». Форум жұмысына 50-ге жуық елдің үкімет және мемлекет басшылары қатысады. Қазақстан - аталмыш форумға қатысу мәртебесіне ие болған Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ