Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан Президенті «Азия-Еуропа» форумының Х саммитіне қатысу үшін Милан қаласына келді. Іс-шара аясында бірқатар екіжақты кездесулер де жоспарланып отыр.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ