Русский Сайттың толық нұсқасы

Brent маркалы мұнай бағамы 30 $ төмен түсті

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2016
  • 1685

Brent маркалы мұнай бағасы бір барреліне 29 долларға түсті. Бұл 2004 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Bloomberg-тің хабарлауынша іле-шала WTI маркасының да бағасы арзандаған. Агенттік сарапшылары «қара алтын» құнының Ираннан шығарылатын мұнай көлеміне байланысты өзгеріп жатқанын алға тартады.

Еске салайық, санкциядан құтылған Ислам республикасы «қара алтын» экспортын бастауға дайын отыр. Тегеран бір айда өндіріс көлемін 3,7 пайызға арттыруды көздейді. Ал британдық Standard Chartered бүгін ең пессимистік болжамымен бөлісті. Ондағы сарапшылар мұнай бағасының тіпті барреліне 10 долларға дейін құлдырайтынын айтып жорамал жасады. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ