Қызылжарда жаңа мешіт бой көтермек. Солтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен келген Қазақстанның бас мүфтиі Ержан Маямеров күндердің абзалы - жұма күні құрылыс нысанына капсула салды. Жаңа ғибадатхана 500 орынға шақталады.
Айта кеттейік, мешіт қайырымды жандардың қаражатына салынбақ. Нысан құрылысына қанша қаржы жұмсалатыны әзірге белгісіз. Себебі, жобалық-сметалық құжаттамасы әлі дайын емес. Игілікті істі жергілікті әкімдік те қолдап, 1,2 гектар жер телімін бөлді.
Петропавлда қазір 2 Алла үйі бар. Оның екеуі де қаланың орталық шебінде орналасқан. Жаңа құрылысқа шаһардың шеткері аудандарында тұратын халықтың қуанышы ерекше. Ғимараттың құрылысы келесі жылы басталады деп жоспарланған.
Абзал ҚҰРМАНКИН