Қазақстан осы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Ресейден 192 мың жеңіл көлік әкелген. Импортталған көліктерге кеткен қаржы 788 млн долларды құрайды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 3 есеге көп, - деп жазады «ҚазТАГ».
Еуразия экономикалық комиссиясы келтірген мәліметке сай, Қазақстан Ресейге құны 36 мың доллар тұратын бір ғана көлік экспорттаған. 8 айда елімізге Беларусь елінен 1 мың 300-дей темір тұлпар жеткізілді.
Айта кетейік, премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қазақстан 2020 жылға қарай теріскей көршімізге жылына 100 мыңдай көлікті экспорттайды деп мәлімдеген еді. Сондай-ақ, вице-премьер бұған дейін Ресейдің «Жигулиі» мен «Волгасын» алып келген Қазақстан ендігі жерде өзінің Skoda, Nissan, Toyota сынды темір тұлпарларын сыртқы нарыққа шығаруға ниетті екенін де айтқан болатын.
Базаркүл ОТЫНШИЕВА